
21 наурызда басталған «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында учаскелік инспекторлардың, ювеналдық полицейлердің, әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі топтардың, патрульдік полиция батальонының – жалпы айтқанда, жергілікті полиция қызметінің барлық бөліністерінің жұмысы күшейтілді.
Полицейлер есепте тұрған адамдарды, тұрмысы қолайсыз отбасыларды тексереді. Сондай-ақ, қараусыз қалған үйлер, жалдамалы баспана, қаңғыбастар паналайтын орындар да басты назарда. Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар тарапынан әкімшілік қадағалау ережелерін бұзудың 4 дерегі анықталды. Отбасылық жанжалқойлар қорғау нұсқамасының 11 бұзушылығына жол берді. Барлық құқық бұзушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
«Құқықтық тәртіп» ЖПІШ кезінде қоғамдық орындарда адамдардың қауіпсіздігін нығайтуға, алкогольге қарсы заңнаманы бұзумен күреске мән беріледі. Жаяу жасақтар жұмысының және тұрғындардың шақыртуларына ден қойып, шаралар қабылдаудың нәтижесінде 8 күн ішінде 221 солтүстікқазақстандық ішімдік ішкені немесе қоғамдық орындарда мас күйінде пайда болғаны үшін жауапкершілікке тартылды. 94 адамды уақытша бейімдеу және детоксикация орталығына орналастыруға тура келді. Мас күйінде көлік жүргізгені үшін 17 жүргізуші әкімшілік қамауға алынып, 7 жылға көлік басқару құқығынан айырылды», - СҚО ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының міндетін атқарушы полиция подполковнигі Александр Розбах.
Ювеналдық полицейлер кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта үйден тыс жерде болуының 80 дерегін анықтады. 21 жасқа толмаған адамдарға темекі сатқаны үшін 6 кәсіпкер жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ шегілмейтін темекі өнімдерін жасырын сататын азаматтар да тексерілді – мұндай 19 факті анықталды.
«Құқықтық тәртіп» ЖПІШ 31 наурызға дейін жалғасады, барлық бағыттар бойынша жұмыс штаттық режимде жалғасатын болады.