
Нысанды киімдерін шапандарға ауыстырып, қызметтен бос тәртіп сақшылары «Динамо» дене шынықтыру-спорт қоғамының стадионына жиналды. Сегіз команда көне арқан тартыс - арқан тарту ойындарынан сайысқа түсті.
Іс-шараны облыстық полиция департаментінің арнайы және жұмылдыру дайындығы басқармасы ұйымдастырылды. Жеңімпаздарға грамоталар табыс етіліп, бірінші орын алған арнайы жедел әрекет ету жасағының командасына естелік сыйлық берілді.
"Қарапайым болып көрінетін бұл спорт түрі жақсы дене шынықтыруды ғана емес, күшті командалық рухты да қажет етеді. Ұлттық спорт түрлерімен айналысу қызметкерлердің патриоттық тәрбиесіне ықпал етіп, халықтық дәстүрлерді құрметтеуге тәрбиелейді және ұжымдардағы моральдық-психологиялық ахуалды нығайтады", - дейді Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті арнайы және жұмылдыру дайындығы басқармасы бастығы полиция майоры Орал Хамзин.