
Темекі өнімдерін заңсыз сатумен байланысты құқық бұзушылықтар — полицейлердің жіті назарында. 18 наурыздан бастап Солтүстік Қазақстанның тәртіп сақшылары насыбай, снюс, басқа қоспаларды заңсыз сатудың жолын кесу бойынша профилактикалық іс-шара өткізуде.
2 күн ішінде тәртіп сақшылары насыбайды заңсыз сатудың 11 фактісін анықтады. Полицейлер еркін саудаға тыйым салынған немесе заңнамамен шектелген тауарлар мен өзге де заттарды өткізгені үшін 25 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл қарастырылғанын еске салады.
Сондай-ақ, 21 жасқа толмаған адамдарға темекі өнімдерін сатудың 10 фактісі анықталды. Қоғамдық орындарда темекі шеккені үшін 19 адам жауапқа тартылды. Сонымен қатар, көліктің ішінде кәмелетке толмаған баланың көзінше темекі шеккен жүргізушіге айыппұл салынды.
"Бұзушылықтар рейдтер барысында, бейнебақылау камералары бойынша анықталады, екі жағдайда қызметкерлер халықтың жүгінуіне жауап берді", - дейді СҚО ПД ЖПҚ басқарма бастығының м.а. полиция подполковнигі Александр Розбах. — Айта кету керек, темекі өнімдерін темекі шекпейтіндерді қоса алғанда, кәмелетке толмағандардың білім беру және демалыс ұйымдарының аумағында, денсаулық сақтау ұйымдарында, қоғамдық тамақтану орындарында, мәдениет объектілерінде және ҚР Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы кодексінің 110-бабында аталған басқа да қоғамдық орындарда пайдалануға тыйым салынады. Сонымен қатар, насыбайды пайдаланатын адамдар жалпы аумақтарды ластағаны үшін әкімшілік жауапкершіліктің бар екендігін есте ұстауы керек. Облыс тұрғындары мен қонақтарынан заңнаманың талаптарын қатаң сақтауды сұраймыз".