ҚР ІІМ Алматы академиясының өкілдері СҚО полицейлеріне даңқты милиция генералы туралы айтып берді

ҚР ІІМ Алматы академиясының өкілдері СҚО полицейлеріне даңқты милиция генералы туралы айтып берді

ҚР ІІМ Мақан Есболатов атындағы Алматы академиясының өкілдері ұйымдастырған сабақта Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің жеке құрамы аты аңызға айналған даңқты генерал Ахмет Тұмарбековтің өмірбаянымен танысты. Ол 21 жыл бойы Қазақ кеңестік социалистік республикасы ішкі істер министрінің орынбасары болған. Бүгінгі таңда зейнетке шыққан ардагерлер мен қызмет атқарып жүрген ІІО қызметкерлері өздерін оның оқушылары екенін айтып мақтан тұтады.

«Басқа майдангерлер сияқты соғыс өртін көрген Ахмет Тұмарбеков бізді кәсіби маман болуға үйретіп, жәбірленушілерге, күдіктілерге және бағынысты қызметкерлерге адамгершілікпен қарауға баулыды», - деп еске алады ІІМ құрметті ардагері, СҚО ПД тәлімгерлер кеңесінің төрағасы Хайдар Кәшенов.

Іс-шараға Тәлімгерлер кеңесі мен Ардагерлер кеңесінің өкілдері, СҚО ПД басшылығы да қатысты. Сирек кездесетін фотосуреттер мен құжаттар көрсетіліп, Тұмарбеков ашқан атышулы қылмыстар туралы айтылды. Кездесу полиция қызметкерлерін патриоттылыққа тәрбиелеу шеңберінде өтті.