Петропавлдық полицейлер үшін бірқатар психологиялық тренингтер өткізілді

Петропавлдық полицейлер үшін бірқатар психологиялық тренингтер өткізілді

Полиция департаментінің инспектор-психологтары жеке құрамға топ құрамында әрекет етуді үйрету бойынша бірқатар тренингтер өткізді. Оларға облыстық және қалалық полицияның барлық бөліністерінің қызметкерлері қатысты.

Жедел уәкілдер, патрульдік полицейлер, штаб бөліністерінің қызметкерлері ондаған жаттығуларды орындады. Әр жаттығу мұқият ойлау мен іс-қимылдың үйлесімділігін талап етеді. Тренингтің барлық кезеңдері қатысушылар үшін жаңа әрі таныс емес болып шықты.

Тренинг соңында қатысушыларға «Ішкі магнит» деп аталатын аутогенді жаттығу өткізілді.

«Осындай жаттығулар ұжымды біріктіруге, топ құрамында әрекет ете білуге және психоэмоционалдық күйзелісті алып тастауға бағытталды. Мұндай тренингтерді біз тренингтік залда ғана емес, ашық аспан астында табиғат аясында да өткіземіз. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасады», - дейді СҚО ПД Тәрбие және кадр жұмысы басқармасының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы полиция подполковнигі Ләззәт Мүртәлімова.

Тренинг қатысушылары қызықты жаттығуларды, психологиялық әдістерді ұйымдастырушыларға және басшылыққа алғыстарын айтып, алған әсерлерінің арқасында қызметтік міндеттерін ерекшен талпыныспен орындайтындықтарын атап өтті.