Солтүстікқазақстандық полицейлер практикалық атыстан өткен республикалық жарыстарға қатысты

Солтүстікқазақстандық полицейлер практикалық атыстан өткен республикалық жарыстарға қатысты

Солтүстікқазақстандық полицейлер Астана және Павлодар қалаларында практикалық атыстан өткен республикалық жарыстарға қатысты.

СҚО полиция департаменті аппаратының қызметкерлері полиция майоры Фархат Омаров, полиция капитандары Жанат Баймұхамбетов, Қайрат Ахметов, Данияр Ержігітов мен полиция аға лейтенанты Александр Солодушкин ел астанасында IPSC санаты бойынша ҚР кубогының бірінші кезеңі шеңберінде «тапанша» бөлімінде оқ атып жарысты. Ұпай саны жағынан солтүстікқазақстандықтар жалпыкомандалық есепте үшінші орынды иеленді. Жарысқа барлық күштік құрылымдардың арнайы бөліністерінен 15 команда қатысты.

Ал Павлодар қаласында снайпинг бойынша PRS республикалық турнирі өтті. Оған мемлекеттің барлық өңірлерінен 40 астам мергендер қатысты. Мергендік винтовкадан оқ атқандардың арасында солтүстікқазақстандық полицейлер жекелей есепте ерекшеленді. Жарыстың қорытындысы бойынша полиция аға лейтенанты Өркен Зікіриянов үшінші орынды, ал полиция аға лейтенанты Саят Елубаев екінші орынға қол жеткізді.