
Санитарлық дәрігерлер мен Петропавл полицейлері дүкендер мен басқа да сауда орындарына рейдтік іс-шаралар өткізді. Олардың мақсаты карантиндік іс-шараларды қатаң сақтау қажеттігі туралы түсіндіру және еске салу. «Шектеу шараларын жеңілдетуге қарамастан коронавирустық инфекцияның таралуына қарсы күреске бағытталған нормаларды сақтауды жалғастыру қажет. Өкінішке орай, бұл елдегі қолайсыз эпидемиологиялық жағдайды талап етеді. Кейбір өңірлерде карантиндік шараларды күшейтуді қайта бастауға мәжбүр болғанын көріп отырмыз. Біздің қалада кейбір ойын-сауық орындарының жұмыс режиміне байланысты бетперде кию режимін сақтау, жаппай іс-шараларды өткізуге шектеулер әлі де жалғасуда», - деп атап өтті Петропавл қ. ПБ бастығының бірінші орынбасары Әлібек Ғабдуллин.
Рейдке қатысушылар сатушылармен, шаштараз қызметкерлерімен және басқа да адамдарға қызмет көрсету саласындағы нысандармен профилактикалық әңгіме жүргізді. Санитарлық-эпидемиологиялық ережелер туралы еске сала отыра, олар карантиндік шараларды сақтамау ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің «Мемлекеттік инспекциялар мен мемлекеттік бақылау және қадағалау органдарының лауазымды адамдарына өздерінің қызметтік міндеттерін орындауына кедергі келтіру, қаулыларды, нұсқамаларды және өзге де талаптарды орындамау» 462-бабына сәйкес екенін атап өтті. Бір күннің ішінде полицейлер мен дәрігерлер 20-ға жуық мекемені аралады.
СҚО ПД баспасөз қызметі