СҚО-да Армениядан әкелінген 52 автокөлік тіркелді

СҚО-да Армениядан әкелінген 52 автокөлік тіркелді

Солтүстік Қазақстан облысында 10 күн ішінде Армениядан әкелінген 52 автокөлік тіркелді. Егіс науқанын аяқтап, бұл мәселе төңірегінде диқаншылар жанданды. Бейбіт Құрманғожин егін егумен байланысты жұмыстарын аяқтап, Айыртау ауданының Саумалкөл ауылынан Петропавл қ. келді. 2007 жылы шығарылған «Honda pilot» маркалы шетел көлігін Армениядан былтырғы күзде сатып әкелген. «Бұл істің аяқталғаны жақсы болды. Әрине, қобалжыдым, есепке қоюға болатынын естіп, ертеңгіге қалдырмай, бірден заң бойынша рәсімдеуге келдім. Келіп, тез арада рәсімдеп болдым, барлығына рахмет айтамын», - дейді шару қожалығының басшысы. Онымен шетел көлігін тіркеу үшін аудан орталығынан жолдасы Манас Байғарин де бірге келді.

1 маусымнан бастап Қазақстанда 2020 жылдың 1 ақпанына дейін біздің елімізге рөлі сол жақта орналасқан Армениядан әкелінген автокөліктерді тіркеу басталғанын естеріңізге саламыз. «Көлік құралдарын тіркеу үшін көлік иелері жеке басты куәландыратын құжат, мемлекеттік тіркеу үшін алым және мемлекеттік баж төленгені туралы түбіртек, көлік құралдарын тіркеу туралы куәлігін және Армения Республикасының уәкілетті органымен берілген мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін ұсынуы қажет. Сонымен қатар, құжаттар қазақ немесе орыс тілдеріне аударылып, нотариуспен расталуы тиіс», - дейді процессингтік орталықтың бастығы полиция майоры Әсет Мәтен.

СҚО ПД баспасөз қызметі