
Петропавл полицейлері маскүнем он адамды мәжбүрлеп емдеу үшін наркология мекемесіне жатқызды. Төтенше жағдай режимі алынғаннан кейінгі соттың шешімімен мәжбүрлеп емдеу үшін наркология мекемесіне жатқызылған петропавлдықтардың екінші «партиясы».
Спирттік ішімдік ішуді жақсы көретіндер айналасындағыларға қиындық туғызады және де олар полицияның есебінде тұр. Мас күйде бірнеше құқық бұзушылық жасау мәжбүрлеп емдеуге жіберуге негіз бола алады. Басқа жағдайларда туыстарының өтініші талап етіледі, бірақ жақын адамдары көбінесе олардың алкогольді тастаймын деп берген уәдесіне сеніп, өтініштерін қайтарып алады. Алкоголизммен ауыратын науқастар сендіргіш болып келеді, психологиялық қысым жасай алады. Қала тұрғындарының бірі ағасын емдеуге жіберу үшін қарсыласқан қарындастарын жеңуге тура келген. Себебі қарындастарымен бірге тұратын алкогольге тәуелді науқас, олар арыз жазса өз-өзіне қол жұмсайтынын айтып қорқытып, олардың әлсіз жақтарын пайдаланған. Тек ағасы мен учаскелік инспектордың бірлесе жүргізген іс-әрекетінің арқасында жағдайды жеңуге мүмкіндік болды.
«Отбасыңда маскүнем болса берекең кетеді, - дейді қалалық. - Бір кездері ағамның жақсы жұмысы болды, элеваторда жұмыс істеді, бірақ қазір бәрінен айырылып, қарындастарымның әлсіздіктерін пайдалануды шығарды. Осындай жағдайға тап болғандардың бәріне табандылық танытуға кеңес беремін. Бұл шырғалаңнан шығудың жалғыз жолы – емделу».
Мәжбүрлеп емдеуге жіберу үшін адамды науқас деп тану қажет. Тәуелділіктен арылуға ниеті болмаған адам медициналық комиссиядан өте алмайды. Сондықтан учаскелік инспектордың өзіне анализ тапсыру үшін кабинеттен кабинетке алып жүруіне тура келеді. Тек барлық материалдар жинақталған соң ғана сот жарты жылдан екі жылға дейінгі мерзімге мәжбүрлеп емдеу үшін наркология мекемесіне жолдау туралы шешім қабылдайды.
«Шешім заңды күшіне енгенге дейін учаскелік инспекторлардың алаңдатушылығын туғызатын бір ай өтеді: осы кезде науқастар құмарлығына одан бетер ерік береді, - дейді Петропавл қ. ПБ ЖПҚ бөлімі бастығының орынбасары полиция подполковнигі Айдын Ақмағамбетов. – Мәжбүрлеп емдеу толық кепілдік бермейді, дегенмен ремиссия кезеңінде адамның қалыпты өмірге оралуы мүмкін. Наркологияға мәжбүрлеп емделуге жатқызылған 10 адамның үшеуі бұған дейін жатып шыққан».
Жыл басынан бері Петропавл полицейлері 34 адамды мәжбүрлеп емдеуге жіберді.
СҚО ПД баспасөз қызметі