
Күн сайын әлеуметтік желілердің парақшаларында, петропавлдықтар қалалық полицияның жұмысы туралы қысқа және ауқымды әңгімелерді, мәнерлі фотосуреттерді, жарқын бейнероликтерді, оқиғалар туралы жарияланымдағы тәртіп сақшыларының пікірлерін көре алады. Бұл ақпараттың барлығын полиция майоры Әдемау Меңдібаевамен дайындағанын ешкім білмейді.
Оның полициядағы жұмысы 2003 жылдан облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінен басталды. 2011 жылға дейін ол ер қызметкерлермен бірге оқиға орнына фото және бейнекамерамен шығып, газет редакциялары үшін пресс-релиздер мен телеарналарға арналған сюжеттер дайындаған. Бұл міндеттерді жақсы орындау үшін (ал Әдемау болса тиянақтап, мұқият жасауға үйрен) жедел қызметкерлер мен тергеушілердің, учаскелік және патрульдік қызметкерлердің, кадрлардың, криминалистердің және басқа бөлімшелердің қызметкерлерінің жұмысының ерекшеліктерін түсіну керек.
Содан кейін Әдемауды көп нәрсеге үйреткен ювеналды және әкімшілік полициядағы қызмет ету кезеңдері болды. Осыдан тура екі жыл бұрын ол бастаған ісіне қайта оралды — оған тағы да ақпараттық жұмыс тапсырылды, қазір ол қалалық полиция басқармасында жұмыс істейді. Бұл қызметтегі барлық нәрсе түбегейлі өзгерген. Алайда, міндеттердің жаңалығы Әдемауды ешқашан қорқытқан емес.
Әлеуметтік желілерді мұқият зерделей келе ол заман талабына сай жоспар құрып, фото ісіндегі білімін тереңдетіп, мобилографияны меңгеріп алған. Ол Петропавл қаласы полиция басқармасының Instagram-дағы парақшасын жүргізіп, соңғы кезде танымалдылығы артырған оқырмандар саны да өсіп келеді. Сонымен қатар, теледидарға спикерлер дайындайдап журналистермен қарым — қатынасты жалғастырып келеді. Сондай-ақ, аптасына жеті күн бойы кез келген уақытта облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне әлеуметтік желілердегі резонанстық жарияланымдар үшін объективті және тексерілген түсініктемелер дайындауға көмектеседі.
Сонымен бірге, ол бес баланың анасы және қамқор жар болуға үлгеруде. Олардың үлкені мектепті бітіріп, өзін тергеушіге оқуға дайындап жатса, кенжесі бірінші сыныпқа барғалы жатыр.
"Әйелдің қолынан бәрі келеді. Ең бастысы - асханада болса да, жұмыста болса да, кез келген қолға алған істі барынша жақсы істеу керек. Барлық полиция қызметкерлерін және Қазақстанның барлық әйелдерін көктемнің тамаша күні 8 наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын және әрқашан да биіктерген ғана көрінуді тілеймін!", - дейді полиция майоры Меңдібаева күлімсіреп.