СҚО ПД бастығы Марат Төлебаевтың жеке қабылдауында 67 солтүстікқазақстандық болды

СҚО ПД бастығы Марат Төлебаевтың жеке қабылдауында 67 солтүстікқазақстандық болды

Аптаның әр сәрсенбісі СҚО ПД бастығы полиция полковнигі Марат Төлебаев Қазақстан Конституциясы көшесі, 70 мекенжайындағы әкімшілік ғимаратта азаматтарды жеке қабылдауды жүргізеді. Бұл жұмыс тек карантин талаптарына байланысты ғана уақытша тоқтатылды. ТЖ режиміне дейін облыстың бас полицейінің қабылдауында 67 солтүстікқазақстандық болса, орынбасарлары 20 адам қабылдады. Жүгінген мәселелер алуан түрлі, басым бөлігі қылмыстық істерді тергеу кезінде туындайтын жағдайларға қатысты. Әр жағдай жеке-жеке қарастырылады, Департаменттің бірінші басшысы қызметкерлер әрекетінің заңдылығын өзі бағалайды. Және бұл полиция ведомствосы басшысының халықпен орнатқан жалғыз байланыс түрі емес.

«ҚР Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Ерлан Тұрғымбаев халық алдында берген есебінде бейнебайланыс сияқты азаматтардың қашықтықтан жүгінуінің оң жақтарын баса айтты: адамдар жолға қаражат жұмсамайды, мәселе туындаған және шешім қабылдау арасындағы уақытты қысқартады, - дейді Марат Төлебаев. – Айта кететіні, қашықтықтан байланыс орнатудың өзектілігі карантин кезінде айқын байқалды. Заманауи полицияның негізгі мәселелерінің бірі – адамдар үшін қарым-қатынас жасаудың ыңғайлы түрін құру. Сондықтан СҚО ПД әлеуметтік желілерде жиі тікелей эфирлер өткізу қолға алынған, проблемалық жарияланымдарға ден қою жұмыстары жүргізіледі. Өтініштер «электрондық үкімет» порталы арқылы uvd_sko@sko.kz электрондық поштасына келіп түседі. 10 маусым жағдайы бойынша 321 өтініш тіркелді».

Сонымен қатар, Марат Төлебаев белгілі Facebook әлеуметтік желісінде облыс полициясының өмірінің тыныс-тіршілігіне көзқарасын білдіре отыра, аккаунтты белсенді жүргізіп келеді. Парақшаға 3 мыңнан астам оқырман жазылған. Оның орынбасарлары да өздерінің аккаунттарын ашты. Әлеуметтік желі форматынан халықтың полиция қызметін қалай бағалайтынын көруге, жеке хабарламалар бөлімінде сұрақтарға жауап беруге мүмкіндік береді.

Көптеген желі қолданушылары ПД бастығының әлеуметтік желідегі қарым-қатынасын бағалап жатады. Марат Төлебаевтың атына жазылған осындай алғыстың бірі Facebook-тегі жеке хабарламаға кездейсоқ жазылған жоқ. Оны жылжымайтын мүлік саласында алаяқтық әрекеттерден зардап шеккен үш солтүстікқазақстандықтың өкілі Жанат Хусаинов жазған. Олар наурыз айында кеңес алу үшін полиция ведомствосы басшысының жеке қабылдауында болған. Олардың арызы Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілген. Тергеу әрекеттерінің нәтижесінде ірі көлемде келтірілген шығын толық қалпына келтірілген. «Өз атымнан және мүдделерін қорғауға ұсынған адамдардың атынан СҚО ПД Тергеу басқармасының бастығы полиция полковнигі Қайрат Қасымбековке, оның орынбасары полиция подполковнигі Сергей Табаринге, Петропавл қ. ПБ бастығының орынбасары полиция майоры Әлнұр Ахмедияровқа, олардың көрсеткен кәсіби іс-әрекеттері үшін шын жүректен алғысымды білдіремін. Сізге, сондай-ақ құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Динара Қожантаеваға адами түсінушілік танытып, қылмыскерлердің құрбаны болған адамдарға көңіл бөлгендеріңіз үшін ризашылығымды білдіремін», - деп жазыпты Жанат Хусаинов.

СҚО ПД баспасөз қызметі