СҚО ПД музейінде түрлі жылдары тәртіп сақшылары қолданған байланыс құралдарының коллекциясы жинақталған. Жаңадан жиналған экспонаттар ерекше қызығушылық тудырады. 1990 жылдары мемлекеттік органдардың материалдық қамтамасыз етілуі қиын болды. Кеңес дәуірінен қалған құралдар тозығы жеткен, полиция техникасының біразы шеберлердің тапқырлығы мен жігерінің арқасында жұмыс істеуге жарамды болған. Байланыс бөлімінің ардагерлері істен шыққан техниканы жөндеумен қатар, олардың ұзақ уақыт қызмет етуі үшін барынша күш жұмсағандарын еске алады. Байланыс қызметкерлері құралдарды жөндеп қана қоймай, оларды жетілдіре отыра полиция техникасының паркін дамытты. Акті залындағы акустикалық құрал-жабдықтар автомобиль аккумуляторынан алынған үздіксіз қоректендіру көзі, желілерге хабарлауға арналған сигнал генераторы – бұлардың бәрі шебер қолдардың қолда бар заттардан жасаған туындылары.
Байланысшылар да ішкі істер органдарын қазіргі заманға сай жаңғыртумен жаңашылдықты іске асырды. Басты мақсат - келушілерге ыңғайлылықты қамтамасыз ету болды. Қалалық бөлімнің ғимаратында кезекші полицеймен сөйлесуді жеңілдету үшін бүгінгі таңда қолданып жүрген домофонға ұқсас сөйлесу құрылғысы құрастырылды. «Tophone» телефонының корпусына блок жанақталып, «Транспорт-Н» радиостанциясының манипуляторынан шығарылатын пульт жасалды. Сондай-ақ, фойеде ішкі желіге қосылған телефон орнатылды. Егер адам тергеушіге келсе, көбіне басқа қоңырауларға жауап беру үстіндегі кезекшіні күтпей, кабинет нөмірін сұрап, өздігінен қоңырау шалуына болатын болған. Мұндай телефондарды «теңіз» деп атаған – бұл телефон түрлері кемелерде пайдаланылған және жоғары сенімділікпен ерекшеленген. Телефон 1997 жылдан бастап 12 жыл жұмыс істеп тұрды. Қалалық ІІБ ғимаратында 2018 жылы халыққа қызмет көрсетудің сервистік моделіне бағытталған фронт-офис ашылған кейін жеке телефон желісінің қажеттілігі мүлдем жойылды.
Ал «теңіз» аппаратын бөліністің ардагері отставкадағы полиция майоры Дмитрий Завьялов СҚО ПД музейіне тапсырды. Айта кететіні, полиция ардагері музей қорын белсенді толтырушылардың бірі.
«Бүгінгі күні полицейлер халықпен қарым-қатынастың жаңа деңгейіне, әлеуметтік желілер мен мессенджерлерге шықты, - дейді Ақпарат және байланыс басқармасының бастығы полиция подполковнигі Алексей Дементьев. – Байланыс құралдары цифлық форматқа көшті: бұл жерде электрондық құжат айналым да, түрлі деректер базасы да бар. 15-20 жыл бұрын жұмыс жасаған техника бүгін көне болып көрінеді. Бірақ бұл бүгінгі қазақстандық полицияның қалыптасуы мен нығаюының, заманауи технологияларды түрлендірудің тұтастай дәуірінің айғағы, және олар жадымызда қалдыруға лайықты.
СҚО ПД баспасөз қызметі