Петропавл полицейлері кәсіпкерлерді жиналмаған қар үшін ескертеді

Петропавл полицейлері кәсіпкерлерді жиналмаған қар үшін ескертеді

Петропавл полицейлері барлық меншік нысандары иелерінің іргелес аумақтарды абаттандырудағы жауапкершілігін еске салады. Бұл әсіресе солтүстік өңірдің күрделі ауа райы жағдайларында өзекті. Бұл мақсатта тәртіп сақшылары рейдтік іс-шаралар, ұйымдардың, бизнес-объектілердің әкімшілерімен және иелерімен түсіндіру-профилактикалық әңгімелесулер өткізеді. Мысалы, тек 13 ақпан күні ғана Петропавл қаласы Полиция басқармасы бірінші полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторлары 47 кәсіпкерлік нысанын абаттандыру ережелерін сақтау бойынша әңгімелесіп, оның ішінде 23 нысан иелері әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

"Бұл бағытта жұмыс тұрақты түрде жүргізіліп келеді. Заң талаптарын елемей отырған кәсіпкерлер Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 505-бабы бойынша жауапкершілікке тартылады. Бұл баптың санкциясы - ескерту немесе жеке тұлғаларға 20 айлық есептік көрсеткіштен ірі кәсіпкерлік субъектілеріне 100 АЕК-ке дейінгі айыппұл салуды көздейді", - деп хабарлады бірінші полиция бөлімінің бастығы полиция подполковнигі Тілеген Әлжанов.

Полицейлер дүкендер мен салондардың жанындағы шығарылмаған қар үйінділері - қала көшелерінің көркін бұзып қана қоймай жаяу жүргіншілер үшін кедергі келтіреді сондай-ақ, көктемде су басу қаупін төндіретінің еске салады. Іргелес жатқан аумақтардың санитарлық жағдайын сақтау міндеті туралы Петропавл қаласының жеке секторының тұрғындары да есте сақтауы тиіс.