СҚО полицейлері «Сенімен Болашақ» жобасы аясында жоғары сынып оқушыларын қызметке шақырады

СҚО полицейлері «Сенімен Болашақ» жобасы аясында жоғары сынып оқушыларын қызметке шақырады

Солтүстікқазақстандық полицейлер «Сенімен Болашақ» республикалық қоғамдық бірлестігінің жобасына қосылды. Жоба жастарға саналы түрде мамандық таңдауға көмектеседі. Жоба барысында жоғарғы сынып оқушылары түрлі сала өкілдерімен таныстырылады. Бұл жолы Петропавлдағы Әл-Фараби мектеп-лицейінің 10 және 11 сынып оқушылары облыстық полиция департаментінің тәрбие және кадр жұмысы басқармасының қызметкерлерімен кездесті.

Тәртіп сақшылар балаларға кәсіптің беделі туралы айтып, Қазақстан Республикасы ішкі істер министрлігі жоғарғы оқу орындарына түсу жөнінде ұсыныстар берді. Мұндай таңдаудың артықшылығы - тегін оқу, шәкірт ақы, толық киім-кешекпен қамтылу және ең бастысы, оқуды бітіргеннен кейін жұмысқа орналасуға кепілдік беріледі.

«Полицияға әрқашан белсенді азаматтық ұстанымы бар, айналасындағылардың өмірін қауіпсіз етуді қалайтын физикалық дайын және білімді жастар қажет. Біз ертеңгі полицияда әр адамның мүддесі сұранысқа ие болуы мүмкін жастарды шақырамыз», - деп атап өтті Солтүстік Казақстан облысы полиция департаменті тәрбие және кадр жұмысы басқармасы бастығы полиция полковнигі Әбілғазы Ғабдуллин.

Мұндай кездесулерден бөлек жоба аясында жоғары сынып оқушылары ұйымдарға, соның ішінде полиция департаментіне барып, пікірталастар өткізіп, эссе жазатын болады.

Өз таңдауын жасап қойғандар үшін, полицияға жұмысқа орналасудың барлық мәселелері бойынша Солтүстік Қазақстна облысының тұрғындары тұрғылықты жерінің полиция бөлімдерінде, Петропавл қаласы, Алматы көшесі, 55 үй 314 кабинетке және Петропавл қаласы, Жұмабаев көшесі, 118 мекенжайы бойынша, немесе 8 (7152) 61-26-68, 39-48-05, 39-48-94 телефондарына хабарласуға болады.