Полиция қызметкерлері мен қорықшылар Петропавлда адасқан елікті құтқарды

Полиция қызметкерлері мен қорықшылар Петропавлда адасқан елікті құтқарды

Ақпан айында табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері "Браконьер" жедел-профилактикалық іс-шарасын аясында жұмыс істейтін болады. СҚО полицейлері мүдделі органдармен бірлесіп аңшылық шаруашылықтары мен қорғалатын табиғи аумақтар бойынша рейдтерге кірісті. Мақсаты-табиғи ресурстарды браконьерлік пайдалану, аң және балық аулау ережелерін бұзу фактілерін анықтау және жолын кесу.

"Қазіргі уақытта тұяқты жабайы жануарларды аулауға тыйым салынғанын атап өтеміз", — дейді СҚО ПД ЖПҚ басқармасы табиғатты қорғау полициясы тобының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы полиция подполковнигі Асхат Қожабаев. - Осы қыста жануарлардың көші-қонының өзгерген жолдары облыста көптеген еліктердің пайда болуына әкелді. 3 мың айлық есептік көрсеткіш айыппұлдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырумен көзделген қылмыстық жауапкершілік төнетінін ұмытпауларыңызды сұраймыз".

Сондай-ақ, СҚО ПД қызметкерлері жүргізушілерге тек қала сыртындағы трассаларда ғана емес, жолдарда да еліктердің пайда болуы мүмкін екенін еске салады. 30 қаңтарда сағат кешкі 18.00 шамасында елік Петропавлдағы Жұмысшы кентінің аумағына бет алған. Жануар қаланың ішінде адасып кеткен, бұл өз кезегінде жол-көлік оқиғасын тудыруы мүмкін. Жергілікті тұрғындар бұл туралы "102" арнасына хабарлады. Шақыруға табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері мен қорықшылар келіп жетті. Олар № 43 мектеп стадионында елікті ұстады. Содан кейін аңшылар жануарды орманға апарып, табиғи ортасына жіберді.