Полицейлер жол қауіпсіздігін қамтамасыз етті

Полицейлер жол қауіпсіздігін қамтамасыз етті

🆘 25 қаңтар сағат 20:50 шамасында «Жезқазған-Петропавл» автожолының 876 шақырымында тіркемесі бар «MAN» жүк көлігі оңға бұрылмақ болғанда жолдан шығып кеткен.

🚔 Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Данияр Шабаров пен Ақылбек Бірімжанов, сондай-ақ ПД ППБ 1-ші взводының командирі Нұрсұлтан Аушахманов дереу көмек ұйымдастырды.

✅ «ҚазАвтоЖол» АҚ арнайы техника мен механик Михаил Просинді жіберді. Жүк көлігін шығарып жатқан уақытта полицейлер жол қауіпсіздігін қамтамасыз етті.

❗Тәртіп сақшылары жүргізушілерді қысқы жолдарда мұқият болуға, жылдамдық режимін сақтауға, ал қажет болған жағдайда қиын учаскелерде жылдамдықты барынша азайтуға шақырады 🙏


#ҚРІІМ #МВДРК #QRIIM #MVDRK #СҚО_ПД #ДПСКО #СҚО_полицейлері #полицейские_СКО #SQOPD #SQO_PD #Polisia #Полиция #Police #Polizei #policía #polizia