СҚО полицейлері шетел азаматынан тыйым салынған кітапты тәркіледі

СҚО полицейлері шетел азаматынан тыйым салынған кітапты тәркіледі

Жыл басынан бері тыйым салынған әдебиеттерді әкелудің алғашқы фактісін СҚО полицейлері шекара қызметі қызметкерлерімен бірлесіп анықтады. Тексеру кезінде Қырғызстан Республикасына барған Ресей Федерациясының азаматынан кітап табылып, тәркіленді, ол ҚР бүкіл аумағына әкелуге, басып шығаруға, сақтауға және таратуға тыйым салынды. Шетелдікке қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 453-бабының 4-бөлігі бойынша әкімшілік материал жиналды. Қызылжар аудандық сотының шешімімен ол айыппұл түріндегі жауапкершілікке тартылды.

СҚО ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері діни әдебиеттерді, діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды таратуға тек ғибадат үйлерінде, діни білім беру ұйымдарында, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар арнайы айқындаған стационарлық үй-жайларда ғана жол берілетінін еске салады.

Полицейлер экстремизмге қарсы жұмыс тұрақты негізде жүргізіліп жатқанын атап өтті. Өткен жылы облыста діни заңнаманың 24 бұзылуы анықталды.