
Солтүстікқазақстандық полицейлер жылдағы дәстүрге сай Крещение Господне православтық мерекесі кезінде арнайы ойылған суатқа суға түсетін және су алатын орындарда күшейтілген түрде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуде.
Петропавл қаласында бұл күні Речпорт ауданына бару үшін – «Жас Өркен» шағын ауданындағы айналма жол арқылы Жамбыл көшесімен, ал Есіл өзеніндегі қалалық жағажайға бару үшін – Потанин көшесінің бойымен «Ойқала» шағын ауданы арқылы жүруге рұқсат етіледі. Транзиттік жүк көліктері қаланың сыртқы айналма жолдарымен өтеді. Көлік кептелісін және жол-көлік оқиғаларын болдырмау бойынша жұмыстар атқарылып жатыр.
Сондай-ақ келген адамдарға полиция қызметкерлері интернет-алаяқтықтың алдын алу туралы жадынамалар таратты