
2024 жылдың 19 қаңтарында облыс аумағында «Крещения Господня» діни мерекенің православиялық діни бірлестіктерімен мерекелеуге байланысты, Петропавл қ. және облыстың 7 аудандарында Есіл өзені мен басқа да су қоймалырының 30 орындарында қоғамдық тәртіп пен жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша полицияның 200-ден астам қызметкерлерін, 29 бірлік қызметтік автокөліктерді жұмылдыруды жоспарлаймыз.
Құрметті азаматтар!!!
Естеріңізге сала кетейін, мұндай орындарда алкогольдік ішімдіктерді ішуге және мас күйінде келуге тыйым салынады, бұл үшін заңмен ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабы бойынша жауапкершілік көзделген (5 АЕК, немесе 18460 теңге айыппұл салынады).
Бұдан басқа, Петропавл қ. суға түсу орындарына және арнайы мұз тесіктеріне жеңіл көлік құралдарының тұрып қалуын болдырмау және кедергісіз өтуіне жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, келесі қозғалыс бағыттары әзірленді:
1. Өзен портына өту үшін – Жабаев көшесі бойынша Жасөркен шағын ауданының айналма жолы арқылы жүруге рұқсат етіледі.
2. Есіл ө. қалалық жағажайына өту үшін - Потанин көшесі бойынша «Ойқала» шағын ауданы арқылы жүруге рұқсат етіледі.
Транзиттік жүк автокөліктерінің жүру үшін аталған учаскені, яғни Мамлют қ. жағынан айналып өтуге рұқсат етіледі – жүк КҚ Бескөл к. жағынан айналма а/ж бойынша 20 шағын ауданының жағынан – «Жұмысшы кенті» шағын ауданы жағынан айналма жолы бойынша жүруіне рұқсат етіледі.
Құрметті азаматар, автокөлік құарлдарының ағыны көп болғандықтан, ынтымақ пен өзара сыйластық танытуларыңызды сұраймыз.