
15 қаңтардан бастап СҚО полицейлері "Қару иесі" акциясын өткізуде. Әкімшілік полиция қызметкерлері учаскелік инспекторлардың көмегімен азаматтық қару иелерінің оны сақтау жөніндегі талаптарды қаншалықты жауапкершілікпен орындайтынын тексереді. Сондай-ақ тіркелмеген қаруды анықтау және алу жұмыстары жүргізілуде. Барлығы осындай 4 факт анықталды. Мысалы, Қызылжар ауданында 39 жастағы ауыл тұрғынынан гаражда тіркелмеген "ИЖ-18" тегіс ұңғылы мылтық және оған қосымша оқпан табылды. ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 482-бабы бойынша материал жиналды, алынған қару сараптамаға жіберілді.
"Егде жастағы қару иелерімен учаскелік инспекторлар қауіпті заттардан бас тартуды ұсына отырып, қосымша профилактикалық әңгімелер жүргізеді, — деп хабарлайды Қызылжар ауданы ПБ бастығының бірінші орынбасары полиция майоры Рустам Садулов. - Жасы енді аң аулауға мүмкіндік бермейтін екі зейнеткер тиісті мәлімдемелер жазып, 12 калибрлі "ТОЗ-34" мылтықтарын өз еркімен тапсырды. Ауданның тағы бір тұрғыны мылтықтарын комиссиялық сатумен айналысады. Мұндай шешімдер халықтағы қару-жарақ санын азайтады, яғни оны қылмыстық мақсатта пайдалану үшін ұрлау ықтималдығын білдіреді".
Акцияның алғашқы 3 күнінде полицейлер СҚО-да 1370 қару иесін тексерді. Сақтау ережелерін бұзудың 11 фактісі, қайта тіркеу мерзімінің 12 бұзу фактісі анықталды. Сондай-ақ қаруды заңсыз сақтаудың 4 фактісі анықталды. Петропавл қаласында акция кезінде қала тұрғындарының бірі тіркелмеген мылтықты өз еркімен тапсырған.
Полицейлер еске салады: тіркелмеген қаруды ерікті түрде тапсыру ғана оны сақтаудағы қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен арылтады.