
Бұған дейін отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтар үшін жауапқа тартылған Петропавл қаласының бір топ тұрғыны мамандармен әңгімелесу үшін полицияға шақырылды. Кездесуді Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасының қызметкерлері «Тұрмыс» жедел алдын алу іс-шарасы аясында ұйымдастырды.
"№ 8 тірек пунктінің учаскелік полиция инспекторлары қызмет көрсететін аумақта тұратын 40 жастан асқан 10 ер адам учаскелік инспектордың кабинетіне шақырылды. Оларға 15 қаңтардан бастап елімізде отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу, олардың себептері мен оларды жасау үшін жағдайларды анықтау, сондай-ақ құқық бұзушыларға құқықтық ықпал ету мақсатында "Тұрмыс" жедел алдын алу іс-шарасы өтіп жатқаны туралы ақпарат берілді ", - деді Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті жергілікті порлиция қызметі басқармасының аға инспекторы Әсия Әбжанова.
Отбасылық қақтығыстар мен жанжалдар, өзін-өзі бақылау әдістері, психикалық және дене денсаулығын сақтау бойынша ұсынымдар үшін жауапкершілікті күшейту - мамандар жиналғандарға өзекті ақпаратты жеткізді. Отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілікке ерекше назар аударылды.
Полиция азаматтардан жақын, таныс және көрші отбасыларындағы тұрмыстық мәселелер мен тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілері туралы хабарлауды сұрайды. Осы мақсатта елімізде тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына көмек көрсету туралы кеңес алуға болатын «111» тегін сенім телефоны жұмыс істейді. Бұдан басқа тәулік бойы жұмыс істейтін 102 телефоны да бар.