Полицейлер мен «динамошылар» жас спортшыларды балаларды қорғау күнімен құттықтады

Полицейлер мен «динамошылар» жас спортшыларды балаларды қорғау күнімен құттықтады

Петропавл полицейлері «Динамо-балаларға» атты дәстүрлі акцияны өткізді.

Спорт кешенінде жаттығатын «Dinamo-Bolashaq» футбол клубы командасының мүшелерін Халықаралық балалар күнімен құттықтады. Жас динамошылар аптасына екі рет жаттығуға әдеттенген. Карантин кезінде жаттығуларын үйде жасауға тура келді, ұзақ үзілістен кейін бүгін алғаш рет кездесті. СҚО ПД бастығының орынбасары полиция полковнигі Қапез Дәулетбаев балаларды жазғы мерекемен құттықтап, спортта толағай табыстар тіледі.

«Бүгінгі жас спортшылар – ертеңгі «Динамо» қоғамының атын шығаратын әйгілі чемпиондар. Футбол – ерекше динамолық рухты нығайтатын командалық ойын», - дейді полиция полковнигі.

Балақайларға «Динамо» логотипі бар футболкалар, бас киімдер, спорт жабдықтары мен тәттілер үлестірілді. Олар жаңа допты карантиннен кейінгі алғашқы жаттығуда бірден тебе жөнелді.

«Қайта қауышқанымызға қуаныштымыз, оқу-жаттығуларымызды сағынып қалдық», - деді көтеріңкі көңіл-күймен «Dinamo-Bolashaq» командасының 10 жасар қақпашысы Давид Зайнутдинов.

Дене шынықтыру-спорт қоғамы филиалы төрағасының бірінші орынбасары Талғат Туғанбаев карантиннің көптеген жоспарларды қайта қарап, біраз нәрсені шегеруге тура келтіргенін айтты. Дегенмен, спорт қоғамы жұмыстың дағдылы қалпына тез арада келуге ниетті. Жуырда өткізілетін іс-шаралар қатарында жас динамошылар арасында үлкен теннистен және велоспорттан жарыс ұйымдастыру бар. Сонымен қатар, құқық қорғау органдарының қызметкерлері арасында жыл сайынғы спартакиадалар өткізу жоспарлары да құрылуда.

СҚО ПД баспасөз қызметі