Жыл басынан қару иелеріне 2 мыңнан астам мемлекеттік қызмет көрсетілді

Жыл басынан қару иелеріне 2 мыңнан астам мемлекеттік қызмет көрсетілді

Солтүстікқазақстандық қару иелерінің арасында ең көп сұранысқа ие мемлекеттік қызмет – жеке тұлғаларға азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын сақтауға, сақтау мен алып жүруге рұқсат алу. Бұл қызметті алу үшін жыл басынан 1613 адам жүгінген. Осы қызмет қаруды алғаш сатып алған және бірнеше жылдан қаруды қолданып жүрген адамдарға да талап етіледі. Аталған рұқсаттарды ұзартудың күші жойылды, енді қару иелері рұқсаттың 5 жылдық қолдану мерзімі өткен соң, әр бірлік қаруға жаңадан рұқсат алуға «электрондық үкімет» порталы арқылы жүгінеді.

«Бүгінгі таңда азаматтық және қызметтік қару айналымын бақылау жөнідегі бөліністің барлық қызметтері қашықтықтан көрсетіледі, - деді СҚО ПД бастығының бірінші орынбасары полиция полковнигі Қанат Айтбаев — Мұның бәрі адамдарға ыңғайлы және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою үшін жасалып отыр. Мемлекеттік қызметтерді көрсетудің жаңа стандарты ҚР ІІМ 2020 жылғы 27.03. № 254 бұйрығымен бекітілді. Барлық қызметтер электрондық форматқа көшірілді, олардың саны 8-ден 6-ға дейін азайды: ұзартудан басқа, комиссиялық сатуға жолдау сияқты қызмет жойылды. Енді қаруды сату үшін дүкенде қаруды сақтауға рұқсат пен жеке куәлікті көрсету жеткілікті».

Полицейлер «электрондық үкімет» порталын пайдаланған кезде кейбір қару иелерінде қиындықтар туындайтынын айта кетті. Олар: ХҚКО жүгінген кезде «Е-лицензиялау» ақпараттық жүйесінде қызметтерді сұрату керектігін еске салады. Үйдегі компьютерден egov.kz сайтына кірген кезде іздеу функциясын қолдануға болады. Мысалы, «Қаруды тіркеу» сұрау салуын енгізгенде адам «Қазақстанда қаруды тіркеу» парақшасына түседі, онда қаруды сатып алу мен тіркеудің құқықтық негізі қысқаша баяндалған. Онда қызметтерге сұрау салумен байланысты сілтемелер берілді: «Азаматтық қару мен олардың патрондарын сатып алуға рұқсат», «Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын сақтауға, сақтау мен алып жүруге рұқсат алу». Осы сілтемелерге өту арқылы қысқаша баяндалған регламентті көруге және мемлекеттік қызметтерді алу бойынша пайдаланушының толық нұсқаулығын көшіріп алуға болады.

Барлығы жыл басынан СҚО полиция бөліністері солтүстікқазақстандықтарға қару айналымы саласында 2390 астам қызмет көрсетті.

СҚО ПД баспасөз қызметі