
Отбасылық жанжалдарды бақылау және кең ауқымды ақпараттық жұмыс - «Аманат» партиясының, мүдделі мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен бірлесе отырып Солтүстік Қазақстан облысы полицейлері өткізетін «Тұрмыс» республикалық жедел-алдын алу іс-шарасының негізі. Адамдар көп жиналатын жерлерде тәртіп сақшылары мен белсенділер сенім телефондары бар жадынамаларды таратты. Олар облыс тұрғындарына тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілерін жасыру әрекеттері тек жаңа проблемаларға әкелетінін еске салады.
Рейдтер шеңберінде полиция қызметкерлері қорғау нұсқамасы шығарылған немесе ерекше талаптар қойылған отбасылық жанжалқойларды тексереді. Оларға спирттік ішімдіктер ішуге тыйым салынады. Бірінші тексерілген 38 жастағы Петропавл қаласының тұрғыны алкогольді мүлде қолданбайтынына сендіргісі келген, алайда шараптың шыққан иісі керісінше екендігін көрсетті. Өткізілген медициналық куәландыру оның мас күйін көрсетті. Ерекше талаптарды бұзу фактісі бойынша әкімшілік материал жиналып, сотқа жіберілді. Енді ер адамға 20 тәулікке қамауға алу қаупі төніп тұр.
"Бұл сияқты жағдайлар аз емес - жедел алдын алу іс-шарасының бірінші күнінде облыста ерекше талаптардың бұзылуының 11 фактісі анықталды. Соның ішінде қайталап құқық бұзушылыққа баратындар да кездеседі. Барлығы 128 түрлі құқық бұзушылық анықталды, оның ішінде 25 - отбасылық тұрмыс саласында. Сонымен қатар, полиция қызметкерлері 55 адамды алкогольдік ішімдік ішкені немесе қоғамдық орынға мас күйінде жүргені үшін жауапкершілікке тартты", - деп хабарлайды Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті жергілікті пполиция қызметі басқарма бастығының м.а., полиция полковнигі Александр Розбах.
Бұдан басқа, тәртіп сақшылары притондарды, қоғамға қарсы өмір салтын ұстанатын адамдар жиналатын жерлерді анықтауға бағытталған. Қару иелері де тексерілуде. Осылайша, жедел алдын алу іс-шарасы шеңберінде қоғамдық қауіпсіздікті нығайтуға бағытталған міндеттердің кең ауқымы шешілуде.