
Солтүстік Қазақстан облысының полицейлері "Мас жүргізуші" жедел-алдын алу іс-шарасын өткізді. 5 күн ішінде олар мас күйінде автокөлікті басқарудың 22 фактісін анықтады.
Мысалы, Есіл ауданында рейд өткізу барысында тәртіп сақшылары боранда тәуліктің қараңғы уақытында бірден екі жолаушыны тасымалдаған мотоциклшіні байқады. Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері анықтағандай, ауылдардың бірінің 30 жастағы тұрғыны әйелі мен оның туысын алып кеткен. Медициналық куәландыру оның мас күйде екендігін көрсетті. Айта кетерлік жайт, ер адамның көлікті басқару құқығы болмаған. Ол 20 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынды.
Облыс жолдарында ЖПІШ барысында полицейлер 1360 түрлі құқық бұзушылықты анықтады, оның ішінде 63 жылдамдықты асыру фактісі және жүргізушілердің жаяу жүргіншілерге қозғалыс артықшылығын бермеуінің 34 фактісі анықталды.
"Ішімдік ішкеннен кейін рөлге отыратын адамдар — ықтимал қылмыскерлер", — деп еске салады СҚО ПД ЖПҚ басқарма бастығының міндетін атқарушы полиция подполковнигі Александр Розбах. — Өткен жылы мас жүргізушілердің кінәсінен 29 жол-көлік оқиғасы орын алды. Олардың нәтижесінде 6 адам қаза тауып, 36 адам жарақат алды. Мұндай фактілердің алдын алу жұмыстары тұрақты негізде жүргізіледі".