15-21 қаңтар аралығында СҚО аумағында "Тұрмыс" республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіледі

15-21 қаңтар аралығында СҚО аумағында "Тұрмыс" республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіледі

15-21 қаңтар аралығында СҚО аумағында "Тұрмыс" республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіледі.

ЖПІШ мақсаты-криминогендік жағдайды сауықтыру, отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтарға жол бермеу.

Полицияда профилактикалық есепте тұрған адамдарға "қорғау нұсқамасы", "ерекше талаптар", "кәмелетке толмаған балаларын тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді атқармайтын ата-аналар" және т.б. санаттар бойынша тексеру жүргізілетін болады.

Сондай — ақ, назарда – тұрмысы қолайсыз отбасылар. Зорлық-зомбылық белгілері бар отбасыларға, балаларға қолайсыз әлеуметтік ортада көмек көрсетуді анықтау және ұйымдастыру бойынша құрылған мобильді топтардың жұмысы жандандырылады.

Сонымен қатар, азаматтық қару иелерін тексеру жүргізілуде.