
Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті ақпараттандыру және байланыс басқармасының арнайы мемлекеттік мұрағаты мемлекеттік қызметтің 2 түрін көрсетеді:
1) ішкі істер органдарының бұрынғы қызметкерлеріне қатысты мұрағаттық анықтамалар, үзінділер мен құжаттардың көшірмелерін беру;
2) ПД АжББ АММ шығатын құжаттарға апостиль қою.
Өтініштер мен сұрау салулар ПД жеке келген кезде, электрондық пошта арқылы, "электрондық үкімет" порталы арқылы қабылданады. Мұрағаттық анықтамаларды беру бойынша мемлекеттік қызмет тегін, көрсету мерзімі — 8 жұмыс күні. 2023 жылы 192 өтініш қабылданды, олар бойынша 308 мемлекеттік қызмет көрсетілді.
Апостиль-құжат бекітілген қолдың, мөрдің немесе мөртабанның түпнұсқалығын куәландыратын арнайы мөртабан. Мұрағаттық анықтамаларды 1961 жылғы Гаага Конвенциясына қол қойған мемлекеттерге жіберген кезде олар консулдық заңдастырудың орнына апостильмен куәландырылады. Мемлекеттік баж - әрбір құжат үшін АЕК-тен 50% құрайды (1846 тг).
ҚР Президенті Қ.Қ. Тоқаевтың тапсырмасын, сондай-ақ ҚР ІІМ нұсқауларын орындау мақсатында 2023 жылы саяси қуғын-сүргінге қатысты мұрағаттық құжаттар ҚР Президенті мұрағатының (Алматы қ., Достық даңғылы, 87Б) қарамағына берілді.
СҚО ПД АММ Мемлекеттік қызметтерін алу мәселелері бойынша келесі мекен-жайға жүгіну қажет: Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к-сі, 70 үй, 103 кабинет; байланыс тел.: 8 (7152) 39-41-58; 39-41-40.