СҚО ПД көші-қон қызметі басқармасы хабарлайдыуправление миграционной

СҚО ПД көші-қон қызметі басқармасы хабарлайдыуправление миграционной

✅ Бұқаралық ақпарат құралдарына жеке басты куәландыратын құжаттар бойынша ақпарат

✅ 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап 16 жасқа дейінгі балаларға көлемі 24 беттік паспорт жасату үшін мемлекеттік баж 4 АЕК немесе 14 768 теңгені құрады.

✅ Қазақстан азаматының 36 беттен тұратын паспортын жасату үшін мемлекеттік баж 8 АЕК немесе 29 536 теңгені, 48 беттік паспорт үшін - 12 АЕК немесе 44 304 теңгені құрады.

✅ Сондай-ақ, ел азаматының жеке куәлігі үшін мемлекеттік баж 0,2 АЕК немесе 738 теңгені құрайды. Ал Қазақстан азаматының жеке куәлігін бір жыл ішінде екі реттен аса жоғалтуына байланысты 1 АЕК немесе 3 692 теңге төлеуге тура келеді.

📍 Бұдан бөлек, қазақстандықтар паспорт пен жеке куәлікті жедел жасату үшін қосымша ақы төлей алады. Жаңа жылдан бастап жеделдетілген тәртіппен құжаттарды беру жөніндегі қызмет бағасының прейскурантына өзгерістер енгізілді. Бұл қызметтердің арзандағаны туралы атап өткен жөн, 1-санат бойынша баға 4983-тен 3 372,45 теңгеге дейін, облыс орталықтарында жасату мерзімі үш жұмыс күніне дейін, 2-санат бойынша 2752-ден 1770,88 теңгеге дейін арзандады, облыс орталықтарында жасау мерзімі бес жұмыс күніне дейін. Облыс аудандары мен қалалары үшін 3-санат қарастырылған, жасау мерзімі жеті жұмыс күніне дейін, мұнда баға 1116 теңгеден 677,95 теңгеге дейін төмендеді.