Өнер тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы— СҚО полицейлері отбасылық жанжалқойларға отандық триллерді көрсетті

Өнер тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы— СҚО полицейлері отбасылық жанжалқойларға отандық триллерді көрсетті

Солтүстік Қазақстан полицейлері "Новый свет" кинотеатрының әкімшілігімен келісім бойынша ерекше киносеанс ұйымдастырды. Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша жұмыс аясында көрермендер залына 19 Петропавл тұрғыны шақырылды, олар отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтар үшін бірнеше рет жауапкершілікке тартылған. Оларға танымал "Дәстүр" кинофильмі көрсетілді.

Отбасылық зорлық-зомбылық тақырыбының тыйым салынуы оның отандық кинода нашар зерттелгендігінде де байқалады. Ерекше көрермендерге эмоционалды әсер қалыптастыру үшін психологиялық-мистикалық триллер таңдалды. Ол зорлық-зомбылық құбылысын және оның психикаға зиянды әсерін зерттейді.

Сондай — ақ, фильмді көруді ұйымдастыруға "Аманат" партиясы облыстық филиалының Жастар қанаты — "Жастар рухы" өкілдері және СҚО "Халық Ұрпағы" Ассамблеясының қазақ қауымының төрағасы Гүлбахша Мұсабаева да қатысты. Жұртшылық өкілдері полицейлерге тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға белсенді жәрдемдеседі.

СҚО ПД ЖПҚ басқарма бастығының м.а. полиция подполковнигі Александр Розбахтың хабарлауынша, 2023 жылы облыс аумағында отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласында жасалған қылмыстардың 11,3% — ға- яғни 53-тен 47-ге дейін төмендеуі байқалады. Отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы бұзушылықтар бойынша 2419 әкімшілік құқық бұзушылық тіркелді. Жанжалқойларға қатысты 2508 қорғау ұйғарымы шығарылды. Тұрмыс саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша соттар құқық бұзушылардың мінез-құлқына 735 ерекше талап қойылды.

Тәртіп сақшылары тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілерін жасырмауға, полицияға немесе "111" республикалық сенім телефонына жүгінуге шақырады.