Қоғамдық көліктегі адамдардың қауіпсіздігі-СҚО полицейлері автобустарда тексеру жүргізуде

Қоғамдық көліктегі адамдардың қауіпсіздігі-СҚО полицейлері автобустарда тексеру жүргізуде

Балағат сөздер айту, қоқыс тастау, мас күйінде жол жүру, жүргізушілер тарапынан темекі шегу — мұндай құқық бұзушылықтармен қоғамдық көлік жолаушылары жиі кездеседі. Құқық бұзушылықтарға "нөлдік төзімділік" қағидатын іске асыру шеңберінде, сондай-ақ жүргізушілер мен жолаушылардың қауіпсіздігін нығайту мақсатында Солтүстік Қазақстан полицейлері "Тасымалдаушы" Республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы шеңберінде жұмыс істеуде.

СҚО полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары полиция полковнигі Қанат Айтбаевтың айтуынша, алдын алу жұмысына баса назар аударылады. Тәртіп сақшылары жадынамалар таратады, автобустарда темекі шегуге, алкоголь ішуге және қоғамдық тәртіпті бұзуға тыйым салатын әкімшілік заңнаманың баптарын түсіндіреді. Сондай-ақ, полицейлер жүргізушілер мен жолаушыларға құқық бұзушылық фактілері кезінде "102" арнасына немесе "102" мобильдік қосымшасы бойынша дереу полицияға жүгінуге кеңес береді. Халықтың санасы-қауіпсіздіктің негізі.

ЖПІШ жергілікті атқарушы органдармен және жұртшылық өкілдерімен тығыз өзара іс-қимылда өткізіледі. Сондай-ақ, шара аясында СҚО ПД ЖПҚ басқарма бастығының орынбасары полиция полковнигі Григорий Тыш "AMANAT" партиясының Солтүстік Қазақстан облыстық филиалының алаңында тасымалдаушылармен және мүдделі мемлекеттік органдармен кездесті.

"Әңгіме тақырыбы көліктегі қоғамдық қауіпсіздік, атап айтқанда, бейнебақылау жүйелерін пайдалану болды", - деп хабарлайды ол. — Бүгінде облыс орталығында 100-ден астам автобус бейнекамералармен жабдықталған. Біз барлық тасымалдаушыларға осы тәжірибені енгізуге кеңес береміз. Бейнебақылау орнату- қылмыстар мен құқық бұзушылықтарды "ыстық ізбен" ашуға ықпал ететін тиімді құрал, демек, алдын алудың сенімді құралдарының бірі. Сондай-ақ, штаттан тыс жағдайларда полицияға қоңырау шалу үшін "дабыл түймелерін" орнатқан жөн. Біздің басымдықтарымыз — қоғамдық көлік ішіндегі құқық бұзушылықтардың кез келген түріне "нөлдік төзімділік", жүргізушілер мен жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету".