СҚО полицейлері сертификатталмаған пиротехниканы анықтау бойынша рейдтердің қорытындысын шығарды

СҚО полицейлері сертификатталмаған пиротехниканы анықтау бойынша рейдтердің қорытындысын шығарды

Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің әкімшілік полиция басқармасында 10 күндік «Пиротехника» республикалық жедел алдын алу іс-шарасының қорытындысы шығарылды. 25 желтоқсаннан бастап әкімшілік полицияның, жергілікті полиция қызметінің, төтенше жағдай департаментінің құрамында 97 бірлескен топ бар 300-ден астам қызметкері сертификатталмаған пиротехникалық бұйымдарды сату орындары бойынша рейдтер мен тексеру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде жүздеген жерлер тексеріліп, азаматтармен 400-ден астам түсіндіру жұмыстары өткізілді.

«Пиротехника» жедел алдын алу іс-шарасының қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 196-бабы бойынша 19 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Сертификатталмаған 986 пиротехникалық бұйым тәркіленді. Облыс тұрғындарының, соның ішінде кәмелетке толмағандардың медициналық мекемелерге жүгіну фактілері тіркелген жоқ ", - деп хабарлады Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасының бастығы полиция подполковнигі Серік Әлжанов.