
Мереке күндері полицейлер қызмет өткерудің күшейтілген нұсқасында өткізетін болады. Кейде тәртіп сақшыларына арналған жаңа жылдық іс-шаралар отбасыларымен уақыт өткізудің жалғыз мүмкіндігі болып табылады. Солтүстік Қазақстан полициясының ең ірі бөлімшесі — Петропавл қаласының полиция басқармасы қызметкерлерінің жүзге жуық баласы ертеңгілікке барып қайтты, бұл іс-шараға ата — аналары да қуана барды.
Қызметкерлердің жеке құрамы мен отбасыларын келе жатқан Жаңа жылмен Петропавл қ. ПБ бастығының орынбасары полиция подполковнигі Ерлан Кәрібаев құттықтады. Ол іс-шараның қонақтарына бейбітшілік пен амандық, отбасыларына саулық тіледі.
Мерекені ұйымдастыруды Оқушылар сарайының басшылығы өз мойнына алды. Петропавлдың жас таланттарынан құралған шығармашылық ұжымдар жарқын концерттік бағдарлама өткізді. Олардың орындауындағы ертегі керемет жаңа жылдық мюзиклге айналды. Аяз Ата, Ақшақар және басқа да сиқырлы кейіпкерлер жаңа жылдық хатты ұрлау туралы детективті қойылымға қатысты. Балалардың бақытына орай ертегі сәтті аяқталды: хат Аяз Атаға қайтарылды, зұлым сиқыршы қайта тәрбиеленді және мереке жоғары деңгейде өтті. Аяз Ата сыйлықтарды да сыйлап үлгерді.
Ал барлық петропавлдықтар үшін мерекенің жақсы өтуі мақсатында жедел қызметкерлер және криминалистер, тергеушілер мен анықтаушылар, учаскелік инспекторлар мен патрульдік полиция батальонының қызметкерлер барлық демалыс күндері құқықтық тәртіпті сақтау және оқиғаларға жедел ден қою үшін өз жұмыс орындарында өткізетін болады.