СҚО-да 11 блокбекет өз жұмысын тоқтатты

СҚО-да 11 блокбекет өз жұмысын тоқтатты

1 маусымнан бастап Қазақстанның барлық аймағында қалалар арасындағы автокөліктердің қатынауын шектеген блокбекеттер өз жұмысын тоқтатты.
Солтүстік Қазақстанда облыс периметрі бойынша 250 полицей, медицина қызметкерлері мен ветеринария қызметі мамандары кезекшілік атқарған 14 бекет жұмыс істеді. Үздіксіз жұмыс істеген екі айдан соң 11 блокбекет салтанатты түрде жұмысын тоқтатты. Полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Марат Төлебаев бекеттерге барып, қиын күндері қызмет атқарған жандарға адал және жауапты қызметтері, төзімділік пен қайсарлықтары үшін алғысын білдірді.

«Бүгін сіздер өз отбасыларыңызға барып, ата-аналарыңызбен, жұбайларыңызбен, бала-шағаларыңызбен қауыша аласыздар. Үнемі қолдап, түсіністік танытқан туған-туысқандарыңызға ризашылығымды білдіремін. Алдағы уақытта да құқықтық тәртіпті, азаматтардың денсаулықтары мен қауіпсіздігін бірлесе абыроймен қамтамасыз ететінімізге сенімдімін», - деді полицейлер мен медицина қызметкереріне алыс хат табыстаған полиция ведомствосының басышысы.

Шекаралас аумақтарда – Мамлют, Уәлиханов және Мағжан Жұмабаев аудандарында орналасқан үш блокбекет шекара ашылғанға дейін өз жұмысын жалғастырады. Өзге блокбекеттерде Полиция департаменті бастығының орынбасарлары мен аумақтық бөлініс басшылары болды. ПД бастығының бірінші орынбасары полиция полковнигі Қанат Айтбаев Айыртау ауданының Антоновка ауылында болып қайтты. Ол барлығына ризашылығын білдіріп, алғыс хаттар табыстады. Блокбекеттердегі инфрақұрылымдарды бұзу іңірге дейін созылды. Шектеу шараларын алу - қауіп-қатер жоқ деген сөз емес, бұл ретте басқа да карантиндік талаптарды сақтау қажет.

«Осынау қуанышты күнді біз және біздің жақындарымыз асыға күттік. Бұл амалсыздықтан болған шара екендігін барлығымыз жақсы түсінеміз. Біз өз жұмысымызды жасадық және қойылған шектеулер жағдайды жақсартуға септігін тигізгеніне сенімдіміз. Әрине, тұрғындарға да алғыс айтамыз. Түрлі жағдайлар болды, негізінен адамдар оңай емесін түсініп, бізге қолдау көрсетіп жатты», - дейді СҚО ПД патрульдік полиция батальоны қызметінің инспекторы полиция лейтенанты Асхат Бақытжанов. Үйінде оны жары мен үш кішкентай бүлдіршіндері тағатсыздана күтті, балалардың мерекесі қарсаңында әкелерінің үйге оралуы олар үшін үлкен сый болды.

СҚО ПД баспасөз қызметі