
2023 жылғы 7-10 желтоқсан аралығында Солтүстік Қазақстан облысының аумағында "Мал ұрлаушы" жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіледі.
Аталған кезеңде полиция мен ветеринарлық қызмет қызметкерлерінің жұмысы күшейтіледі.
Жедел уәкілдер мен учаскелік полиция инспекторлары қатарынан мобильді топтар құрылды. Етті, мал мен ет өнімдерін тасымалдайтын автокөлікті өткізу нүктелеріне тексеру жүргізілуде.
ЖПІШ мақсаты - мал ұрлығына қарсы іс-қимыл және қылмыстың осы түрін жасауға ықпал ететін жағдайларды жою.