
Солтүстік Қазақстандағы қысқы ауа-райының өзгеруі жүргізушілер үшін үлкен қиындықтар туғызады. Полицейлер автокөлік жүргізушілеріне сақтық шаралары туралы ескертеді.
5 желтоқсан күні таңертең Айыртау ауданының аумағында Ақмола облысының екі тұрғыны "Daewoo Nexia" автокөлігімен келе жатып, қиын жағдайға тап болды. Қызылорда облысынан қайтып келе жатып, олар "Лобаново — Зеренді" жол қатынасын пайдаланатын болды. Алайда, Лобановоға кіре берісте жүргізуші мұзды жолда басқара алмай, кюветке шығып кетті. Ол сағат 04:30 шамасында "102" арнасына хабарласты. Кезекші бөлімнен оқиға орнына учаскелік полиция инспекторы Жандарбек Бұлқайыров пен оның көмекшісі Әнуар Қабиденов келді. Олар көлікті жолға шығаруға көмектесті.
Содан кейін полицейлер қызылордалықтарды ауылға ертіп, жол көрсетіп, телефондармен алмасты. Көп ұзамай олар межелі жерге аман-есен жеткендерін айтып, Солтүстік Қазақстан полицейлеріне көмек пен қамқорлық көрсеткені үшін алғыс айтты.
"Daewoo Nexia" кюветте тұрған "Саумалкөл — Лобаново" автожолы күрделі, орман арқылы өтеді, тік бұрылысы бар, автотрассалардың осындай учаскелерінде жоғары қырағылық таныту керек, — дейді СҚО ПД ЖПҚ басқармасының бастығы полиция полковнигі Айдын Байматов. — Бұл әсіресе Солтүстік Қазақстанның күрт құбылмалы климатына байланысты маңызды. Ауа райы қызметі болжаған аяздар қарсаңында біз жүргізушілерді ұзақ сапарларды мұқият жоспарлауға, өзімен бірге жылы заттарды алып жүруге шақырамыз. Телефонға дербес зарядтағыш құралдың болғаны жөн. Сапар алдында көліктің техникалық жарамдылығына көз жеткізіңіз. Ауа-райы болжамдарын және ТЖ қызметінің автожолдардың жабылуы мүмкін екендігі туралы хабарламаларын мұқият қадағалап, жол қозғалысы ережелерінің талаптарын қатаң сақтаңыздар".