
Солтүстік Қазақстан облысының полицейлері жүргізушіге жолдарда көктайғақ болу мүмкіндігін ескертеді. 30 қараша күні таңертең «Астана - Петропавл» автожолының 363 шақырымында орналасқан Келлеровка ауылының маңында Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Дмитрий Кравченко мен Арман Оралов Көкшетаудан Петропавл бағытына қарай темір құбырлар тиеп бара жатқан «ГАЗель» автокөлігі жол жиегіне шығып қалған көреді. Жүргізуші жаңбырдан кейін пайда болған мұздың кесірінен рөлге бола алмай жол жиегіне шығып қалған. Тәртіп сақшылары жол пайдалану учаскесінің мамандарынан көмек сұрап, ауыр техниканы ұсынды. Көп ұзамай автокөлік жолға қайта оралды. Полицейлер көлікті жолға шығару кезінде қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, шашылған жүкті жинауға көмектесті.
Жүргізуші Сұлтанбек Ғазизов полиция қызметкерлері мен жол қызметінің қызметкерлеріне жедел көмек көрсеткені үшін шын жүректен алғысын білдірді. Зақымданған «ГАЗель» жөндеуден өту үшін Көкшетауға дейін тіркеуге алынды.
Полицейлер жүргізушілерден қала сыртындағы жолдарда қырағылық танытуды, метеорологиялық болжамдарды назарға алуды және жолда жүру ережелері талаптарын қатаң сақтауды сұрайды. Ауыспалы ауа райы жағдайында көктайғақ пайда болуы мүмкін сондықтан да жылдамдықты төмендету және көлік құралдары арасындағы арақашықтықты ұлғайту қажет кенеттен жылдамдықты асыру немесе тежеуді болдырмау керек, бұл басқаруды жоғалтуға әкелуі мүмкін.