
СҚО ПД емханасы мен госпиталь бастығы Олжас Есенеев Астана қаласында өткен "Инновацияларды ынталандыру" атты жас денсаулық сақтау көшбасшыларының бірінші республикалық форумының жұмысына қатысты.
Форум жұмысына ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажат Ғиният, ДДҰ Еуропалық өңірлік бюросының директоры Ханс Клюге, ДДҰ-ның ҚР-дағы елдік кеңсесінің басшысы Скендер Сыла, "Ұлттық ғылыми медициналық орталық" АҚ Басқарма төрағасы Абай Байгенжин қатысты.
Қазақстан Республикасының жас Денсаулық сақтау көшбасшылары қауымдастығының мүшесі бола отырып, 33 жастағы денсаулық сақтау менеджері МВА (іскерлік әкімшілендіру магистрі) Есенеев "Тиімді терапияның бірыңғай құралы ретінде аутизмі бар балаларды оңалту және психологиялық-педагогикалық түзету аспектілері" тақырыбында баяндама жасады.
"Форум жұмысының қорытындысы халықаралық тәжірибені пайдалана отырып, ұлттық денсаулық сақтау жүйесінде инновацияларды тиімді жан — жақты дамыту және енгізу үшін мүмкіндіктер ашатын қарар қабылдау болды, бұл, сайып келгенде, жалпы халықтың және атап айтқанда полиция қызметкерлерінің денсаулығын қамтамасыз етудің барлық аспектілеріне оң әсер етеді", - дейді Олжас Есенеев.