СҚО полицейлері құны 25 млн теңгеге жуық болатын акцизсіз темекіні тәркіледі

СҚО полицейлері құны 25 млн теңгеге жуық болатын акцизсіз темекіні тәркіледі

Солтүстікқазақстандық полицейлер «Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу іс-шарасының қорытындысын шығарды. 10 күн бойы облыс аумағында қоғамдық орындарда адамдардың қауіпсіздігін нығайтуға, қылмыстың алдын алуға бағытталған кең ауқымды іс-шаралар кешені өткізілді. Қоғамдық құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету және қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу үшін полиция қызметтерінің өзара іс-қимылына баса назар аударылды.

Атап айтқанда, учаскелік полиция инспекторларымен бірлесіп, Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері алған акцизсіз сигареттердің заңсыз саудасы туралы жедел ақпарат пысықталды. Орталық көтерме сауда базарындағы бутиктердің бірінен тәртіп сақшылары заңсыз тауардың 34 560 қорабын тәркіледі. Алдын ала бағалау бойынша алынған қаражаттың жалпы құны 25 миллион теңгеге жуық. Заңсыз тауар иесі, Петропавл қаласының 45 жасар тұрғынына қатысты материалдар процессуалдық шешім қабылдау үшін экономикалық тергеу департаментіне берілді.