Петропавлда санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды сақтау бойынша рейд жалғасуда. Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің бірлескен тобы полицейлермен бірлесе дүкендерді, кеңселерді, бюролар мен қызмет көрсету жөніндегі салондарды тексеруде. Карантин іс-шараларының жалғасуы аясында санитарлық бақылау мамандары мен учаскелік инспекторлар он шақты топқа бөлініп, адамдардың жаппай жиналатын орындарды кенеттен тексеру жүргізеді. Рейдтің басты мақсаты – санитарлық нормаларды сақтау қажеттілігі жайлы түсіндіру жұмыстары болып табылады. Полицейлер мен медицина қызметкерлері түсіндіру жұмысын белсенді түрде жүргізуде.
Әлеуметтік арақашықтықты сақтау, санитайзерлерді қолдану, бетперде тағып жүру – үй-жайда мұның бәрі орындауға міндетті талаптар. Тексерушілер бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің қаулысындағы ережелерді түсіндіруде. Барлық тексерілген объектілерде дезинфекция режимі үшін жағдай жасалған, қолды тазартуға арналған антисептиктер бар. Сатушылар мен ресепш әкімшілерінің айтуынша, сатып алушылар мен клиенттер санитайзерлерді пайдалану, арақашықты сақтауға және бетперделерді тағып жүруге салғырт қарайды.
Петропавл қ. полиция басқармасы бастығының бірінші орынбасары полиция подполковнигі Әлібек Ғабдуллиннің айтуынша, ведомствоаралық рейдтің үш күнінде 97 кәсіпкерлік объектісі тексерілді. Патрульдік полицейлер 47 қоғамдық көлікті тексерген. Барлық кәсіпкерлік түрлерінің басшыларымен профилактикалық әңгімелер өткізіліп, бар кемшіліктерді жою атап көрсетілді, әкімшілік жауапкершілік туралы ескертілді. Бірлескен санитарлық рейдтер барлық сауда, қоғамдық тамақтану және қызмет көрсету объектілері бойынша жалғасады.
СҚО ПД баспасөз қызметі