
Стратегиялық объектінің терроризмге қарсы қорғанысын жетілдіру мақсатында Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Петропавл станциясы теміржол вокзалының жұмысшыларымен кездесу өткізді.
Кездесуде теміржол көлігінің қызметкерлеріне жарылғыш құрылғыларды тауып алу, дайындалып жатқан терроризм актісі туралы ақпарат келіп түскен кездердегі жұмысшылар мен жолаушыларды эвакуациялау ерекшеліктері бойынша іс-әрекет ету тәртібі түсіндірілді.