Солтүстік Қазақстан облысының Полиция департаменті ішкі істер органдарына қызметке бос орындарына қабылдауды жүзеге асырады

Солтүстік Қазақстан облысының Полиция департаменті ішкі істер органдарына қызметке бос орындарына қабылдауды жүзеге асырады

📍 Солтүстік Қазақстан облысының Полиция департаменті ішкі істер органдарына қызметке конкурстық негізде жылдам қимылдайтын арнайы жасақтың бос орындарына қабылдауды жүзеге асырады.

Ішкі істер органында қызмет өткерудің артықшылығы:

- жұмыс берушінің есебінен алғашқы оқу мен біліктілікті арттыру;

- қызмет өтілі мен арнаулы атаққа байланысты лауазымдық жалақы мөлшерінде қосылатын тұрақты және уақтылы еңбекақы;

- сауықтыруға жеңілдік және қызмет бабында өсу;

- ведомстволық емдеу мекемелерінде тегін медициналық қызмет көрсетіледі;

- арнаулы атаққа байланысты 48 жаста зейнетке шығуға болады (ішкі істер органдарында үздіксіз қызмет етіп, 12 жыл 6 айдан кем емес еңбек өтілі болған жағдайда).

Қойылатын талаптар: 35 жастан аспауы, бойы 175 см төмен болмауы, жоғары білімді (құқықтану, заң, құқық қорғау қызметі, халықаралық құқық, алғашқы әскери даярлық, дене шынықтыру және спорт, ұлттық қауіпсіздік және әскери іс) немесе арнайы орта білімі бар (заңтану, алғашқы әскери даярлық, дене шынықтыру және спорт), арнайы орта білім үшін Қарулы Күштер қатарында әскери борышын өтеген, спорттағы атақ пен разрядтардың, жекпе-жек түрлері бойынша біліктілік немесе куәліктің болуы, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің уәкілетті органынан тестілеуден өткендігі туралы сертификаттың болуы, денсаулық жағдайы жарамды (әскери-дәрігерлік комиссиямен анықталады) болуы қажет.

Құқық қорғау органдарының білім беру ұйымдарын аяқтағандар немесе бұрын келісімшарт бойынша әскери қызмет атқарғандар конкурстық іріктеуден тыс құқық қорғау қызметіне жұмысқа орналасуға құқықы бар.