СҚО-да “ақылды” бейнекамералардың көмегімен ЖҚЕ бұзудың 83 дерегі анықталды

СҚО-да “ақылды” бейнекамералардың көмегімен ЖҚЕ бұзудың 83 дерегі анықталды

"Құқықтық тәртіп" жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу кезеңінде әкімшілік полиция мен жергілікті полиция қызметі қызметкерлерінің жол жүресі ережелерін өрескел бұзушылары мен айыппұл төлеушілерді жауапкершілікке тарту жөніндегі бірлескен жұмысы тоқтатылмайды.

Жолдарда құқық бұзушылықтарға жол беретін жосықсыз жүргізушілерді "интеллектуалды" бейнебақылау жүйелерін анықтауға көмектеседі. Бүгінде Солтүстік Қазақстан облысы аумағында 28 аппараттық-бағдарламалық кешен жұмыс істейді. Олар жылдамдықтың жоғарылауын, бағдаршамның тыйым салынған түсіне өту және тоқтау сызығының бұзылуын автоматты түрде тіркейді.

Аппараттық-бағдарламалық кешендер негізінен жаяу жүргіншілер өткелдерінің, оқу орындарының, стадиондардың және көше жол желісінің ең қауіпті учаскелері мен қозғалысы жанданған көшелердің қиылысында орнатылады. 10 айда тіркелген жол көлік оқиғаларының талдауына сәйкес 327 апаттың 126 — сы зардап шеккендермен орын алған. Орын алған көлік апаттарының үштен бірінен астамы қиылыстардан өту ережелерін бұзу себебінен жасалған.

"Қиылыстағы әрбір бұзушылық апат қаупін арттырады. Сондықтан аппараттық-бағдарламалық кешендердің жұмысына үлкен мән беріледі. Бүгінде олардың орнатылған орындарында ауыр зардаптары бар бірде-бір жол көлік оқиғасы тіркелген жоқ. Жыл басынан бері әкімшілік полицейлер жергілікті полиция қызметі қызметкерлерімен бірлесіп "Ақылды бейнекамералардың" көмегімен 83 426 жол қозғалысы ережелерін бұзған жүргізушілерді жауапқа тартты. Атап айтқанда, жылдың басынан бері 29 жастағы Қырғызстан азаматы рұқсат етілген жылдамдыты 44 рет асырғандығы анықталды. Енді оған өрескел бұзушылықтар үшін 2 миллион теңгеге жуық айыппұл төлеуге тура келді", — дейді Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасының бастығы полиция подполковнигі Серік Әлжанов.

Полицейлер "ақылды бейнекамераларды" жүргізушілерді тәртіпке келтірудің сенімді техникалық құралдарының бірі деп санайды.