СҚО-да төтенше жағдай енгізілгеннен бері алғашқы рет полиция кешенді күштерінің гарнизондық таратуы өткізілді. Карантинге дейін де жеке құрамның қызмет атқаруға дайындығын облыстың Полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Марат Төлебаев тексерді. Санитарлық нормаларға сәйкес тарату облыстық полицияның ең үлкен бөлінісінің алаңында өтті.
Төтенше жағдайдың тоқталуына қарамастан, қоғамдық тәртіпті сақтау күшейтілген режимде жүзеге асырылуда. Күн сайын екі ауысымда Петропавл көшелерінде 269 полицей мен әскери қызметші кезекшілікке түседі, олардың құрамы 66 жаяу және 26 авто-патрульдерден тұрады, сонымен қатар алты «Модуль» бекетінде кезекшілік жүзеге асырылады. Одан бөлек, 8 қызметкер карантиндік объектілерді күзетуге тартылған. Жеке күзет құрылымдарының да қызметкерлері көмек көрсетеді. Олардың мобильді топтары Петропавл қаласы ПБ Жедел басқару орталығымен ұдайы радио байланыста, күзетілетін объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етумен қатар, олар із-түссіз жоғалғандар немесе қылмыскерлерді іздестіруге түскен бағыт-бағдарға ықпал етуге дайын.
Сапта жеке құрамға жедел жағдай, іздестірудегілер жайлы ақпарат берілді. Полиция ведомствосының басшысы патрульдердің сыртқы кейпін, жабдықтарын жеке тексеріп, жарғыны білудегі білімдерін бағалады. Марат Төлебаев қарамағындағы қызметкерлерді халыққа көмек көрсетуге бағыттады, адамдармен сыпайы болуды, олардың конституциялық құқықтарын қорғауды ерекше атап өтті.
«Қызмет атқару барысында заңды қатаң сақтау қажет, – деп атап өтті облыстың бас полицейі. – Полиция – мемлекеттің айнасы, өзіңе-өзің талапшыл болу адамдардың сенімінің кепілі. Департамент бойынша тексеруші мен жауаптылар бөліністерге кенеттен тексеруді жүргізуді тапсырамын».
Тарату өткізілгеннен кейін Марат Төлебаев Петропавл қ. Полиция басқармасын тексерді. Ол қызметтік үй-жайларды қарап шығып, кезекші бөлімнің, тергеушілердің, криминалистердің және басқа бөлімшелердің техникалық жабдықтарына баға берді, уақытша ұстау изоляторына барды. Полиция басқармасының басшылығына бірқатар нақты тапсырмалар берді. Басты назарда – ішкі тәртіп пен санитарлық шараларды сақтау, материалдық-техникалық базаның дайындығы.
СҚО ПД баспасөз қызметі