Кездесу

Кездесу

2023 жылғы 13 қарашада СҚО Полиция департаменті Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері «Петропавл қаласы «Әбу Досмұхамбетов атындағы Облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған гимназия-интернат» КММ әкімшілігі және оқушыларымен кездесу өткізді. Кездесуде террористік сипаттағы қатерлер кезіндегі іс-қимыл алгоритмі бойынша ұсыныстар берілді, терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлар үшін жауапкершілік туралы ақпарат жеткізілді. Ұстаздар құрамына оқушылар арасында жалған терроризмнің алдын алу бойынша әдістемелік көмек көрсетілді. Осы бағыттағы жұмыс жалғасуда.