
Өткен демалыс күндері Солтүстік Қазақстан облысындағы қолайсыз ауа-райы полиция мен жол қызметтері үшін үлкен сынаққа айналды. Сенбі күні сағат 19:00-ден жексенбі күні сағат 07: 00-ге дейін облыста республикалық және облыстық маңызы бар барлық жолдар жабылды. Жол жүріп келе жатқан жүргізушілер мұздану, қардың түсуі және боранның салдарынан нөлдік көрінуге тап болды. Осы уақыт бойына Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті патрульдік полиция батальонының қызметкерлері күшейтілген режимде қызмет атқарды. Олардың көмегі жол шетіне шығып кеткен 20-дан астам жүргізушіге қажет болды.
Мысалы, патрульдік полиция батальоны қызметінің қызметкерлері Ризабек Ерсайынов пен Данияр Нұртазин Ақтөбе қаласынан келе жатқан 32 жастағы кәсіпкерге көмек көрсетті. Ол "Opel Astra" автокөлігін басқарып келе жатып, көлік тізгінені ие бола алмай "Екатеринбург — Алматы"автожолының 780 шақырымында жол шетіне шығып қалған. Жүргізуші "102" арнасына қоңырау шалып, көмек сұраған. Көлікті жол шығару үшін тәртіп сақшылары ауыр техниканы ұсынған жол-пайдалану учаскесінің қызметкерлеріне жүгінуге мәжбүр болды. Жүргізуші қиын жағдайда оны жалғыз қалдырмай құтқарғандардың барлығына шын жүректен алғысын білдірді.
"Зардап шеккендермен орын алған оқыс-оқиғаларға жол берілмеді. Жүргізушілерден қысқы жолдарда өте мұқият болуын сұраймыз, - дейді жол қозғалысы қатысушыларына жүгінген Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы полиция полковнигі Айдын Байматов. - Жылдамдық режимін сақтаңыз, қауіпті бұрылыстарда, елді мекендерге жақын жерде жылдамдықты төмендетіңіз. Ауа райы болжамдарын және Төтенше жағдай қызметінің автожолдардың жабылуы туралы хабарламаларын қадағалаңыз. Жабық жолдарға шыға үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылғанын ұмытпаңыз. Жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтаңыз".