СҚО ПД Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлер

СҚО ПД Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлер

СҚО ПД Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері «ЛОРД» дарынды балаларға арналған мектеп-лицейінің жоғары сынып оқушыларымен түсіндіру-профилактикалық кездесу өткізді. Полиция қызметкерлері жоғары сынып оқушыларына қолдан жасалған жарылғыш құрылғыларды тауып алу кезіндегі іс-әрекеттер алгоритмін, террористік қатерлер кезінде эвакуациялау тәртібін түсіндірді.

Терроризм актісі туралы көрнеу жалған хабарламаларға, жалған терроризмнің түрлері мен салдарының алдын алуға ерекше назар аударылды.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 273-бабының санкциясына сәйкес, осы үшін 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу түріндегі жаза қарастырылған.