
Тұрғын үйлерді хостелдер, жатақханалар етіп қайта жабдықтау өрт қаупін тудыруы әбден мүмкін. Солтүстікқазақстандық полицейлер өрт сөндіру қызметкерлерімен бірлесе «Жатақхана» жедел-профилактикалық іс-шарасын жүргізуде. Назарда – жатақханалар. Петропавлда олардың саны – 56, сондай-ақ 20 қонақ үй және 7 хостел бар. Құтқарушылар өртсөндіргіштердің, өрт дабылдатпаларының болуын тексереді, электр сымдарын қадағалап отыруды ескертеді. Учаскелік полиция инспекторлары тұрмысы төмен отбасыларды тексеруге бағдарланған, осы санаттағы отбасылардың дені жатақханаларда тұрады. Алкогольді асыра пайдалану – өрт қаупі факторларының бірі болып табылады.
Бүгінгі күні облыс орталығындағы осындай 25 объекті, облыс бойынша 39 объекті тексеріліп, үш мынан астам адам қамтылды, - деп хабарлайды СҚО ПД ЖПҚ басқармасының бастығы полиция полковнигі Айдын Байматов. – Жұмыс жергілікті билік өкілдерімен және жұртшылықпен бірлесе жүргізіледі. «Жатақхана» ЖПІШ өткізу бойынша іс-шаралар жоспары аясында аудан халқы өрт қауіпсіздігі туралы тұрғындармен өткізілетін жиналыстарда ақпараттандырылады.