Пранкер 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды

Пранкер 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды

Петропавлда кезекті хайп жасамақшы пранкерге әкімшілік қамау жазасы тағайындалды. Жергілікті пабликтерде қала базарларының бірінде «Chevrolet TrailBlazer» автокөлігінің алдыңғы әйнегін сындырып жатқан жас жігіттің фотосы пайда болған. 20 жасар қала тұрғыны өзіне және әлеуметтік желідегі аккаунттарына көпшіліктің назарын аудару үшін барын салуда.

...Ағымдағы жылдың басында аталған жігіт досымен бірге облыс орталығының көшелерінде үрлемелі матрацпен сырғанап, провокациялық бейне роликке түскен болатын. Алайда, видео жас пранкерлер ойлағандай танымал болмай шықты. Әлеуметтік желілердің әкімшілері және журналистер видеоға ешқандай сілтеме жасамай, бұндай әрекеттерге қатысты көзделген жауапкершілік туралы бөлісті. Мақсаттарына қол жеткізе алмаған пранкерлер, оның ішінде көлік жүргізушісі де бірнеше бап бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Петропавл қ. Полиция басқармасында екі жігіт өздерінің, жол қозғалысы қатысушыларының өмірлеріне қауіп төндірген трюктері үшін көпшілік алдында кешірім сұрады...

Петропавл қ. ПБ бастығының бірінші орынбасары полиция подполковнигі Әлібек Ғабдуллиннің айтуынша, ұсақ бұзақылық фактісі бойынша ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабы 2-бөлігі бойынша әкімшілік материал жиналды, баппен 15 тәулікке дейін бас бостандығынан айыру көзделген. Видео әсерлі болуы үшін досы автокөлігін түсіруге берген екен. Әрекеттерінің салдары жөнінде ойланбай, жас жігіттер әлеуметтік желілерде жалпы талқыға түсу немесе қолдау түріндегі жаппай пікірлерге ие болу үшін осындай бейне роликтер түсіруде. Танымал пабликтердің әкімшілерінің көпшілігі экстремалды бейне контентті елемейді, себебі бұл қалжыңды басқа біреу қайталап жасауы мүмкін. Құқықтық салдарын білмейтін мектеп оқушылары осындай бұзушыларға еліктеуі мүмкін.

Полицейлер заңнамен белгіленген шараларды қабылдады. Сот шешімімен оған 15 тәулікке әкімшілік қамауға алу жазасы тағайындалды.

СҚО ПД баспасөз қызметі

фото әлеуметтік желілерден алынды