Әйелдің айтуы бойынша екі жұмадан астам уақыт еш жерде жұмыс істемеген ұлы бірнеше жыл бойы алкогольді шамадан тыс қолданып, анасын күн көрсетпей келген. Алкоголизмнен бірнеше рет емделген алайда одан еш нәтиже шықпаған. Полиция капитаны Қоянбаев отбасылық жан-жалдар мен қоғамдық орындарда мас күйінде пайда болғаны үшін жауапкершілікке тартумен шектелмей, ер адаммен тілдесіп алкогольден бас тартуға көндіріп келген. Нәтижесінде ауыл тұрғыны бар күш жігерін жинап, өз еркімен шешім қабылдады. Қазіргі таңда ол екі ай астам уақыт бойы алкогольді ішімдіктерді ішпей, жұмыс істей бастады. Баласының түзетіле бастағаның байқаған зейнеткер ана учаскелік полиция қызметкеріне алғыс айтуға бекінген.
"Маскүнемдерді, құқықбұзушыларды, қылмыскерлерді қарау бойынша ауыр жұмыс атқаратын барлық учаскелік полиция қызметкерлерін және де әрине біздің учаскелік инспекторға шын жүректен алғысымды білдіремін. Бақытымызға орай, Руслан Теміртасұлы ерекше көндіргіштік қасиетіне ие, оның пайда болуы кез-келген құқықбұзушылықтың болмауына кепілдік береді. Бізде осындай учаскелік инспектор барына бәріміз өте қуаныштымыз", — деді өз алғысында телефон арқылы.
Новоишим ауылдық округінің халқы 4780 адамды құрайды. Руслан Қоянбаев бұл аумақта 2021 жылдың қараша айынан бастап қызмет етіп келеді. Ал учаскелік полиция инспекторы лауазымында 2019 жылдан бастап естеп жүр. Жергілікті тұрғындардың арасында құрметіне ие. Жұмыс барысында халықпен тығыз қарым-қатынас орнату қағидатын ұстанады. "Тек сенімді қарым — қатынас арқылы ғана қылмыстың алдын алуға және халықтың қауіпсіздігін нығайтуға қол жеткізуге болады", - деді ол.