СҚО полицейлері Петропавлдағы жалдамалы пәтерден 2 келіден астам гашиш тәркіледі

СҚО полицейлері Петропавлдағы жалдамалы пәтерден 2 келіден астам гашиш тәркіледі

Бүгінгі таңда синтетикалық есірткілер «қара нарықта» басқа есірткі заттарын ысырып, кеңінен қолданылуда. Өсімдік тектес есірткілерге қарағанда синтетикалық есірткілердің адамның психикасына тигізер зияны өте ауыр. Дегенмен «дәстүрлі» есірткіні таңдаған қылмыскерлер әлі де бар. 10 қазан күні солтүстікқазақстандық полицейлер 25 жастағы петропавлдықты ұстап, оның жалдамалы пәтерінен «дозаларға» бөлінген өсімдік тектес зат салынған 100 полимерлік пакет тәркіледі. Сараптама бұның гашиш екенін көрсетті. Тәркіленгеннің жалпы салмағы 2 килограмнан асты. Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабының 3-бөлігі бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді.

«Күдікті есірткі партиясын ірі көлемде есірткі жасырылған орыннан алған, - дейді СҚО ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы полиция подполковнигі Руслан Сапаров. – Есірткі өткізуде күдікті адам қазіргі уақытта қамауға алынды, тергеу жүріп жатыр. Гашиштің аса ірі мөлшері 200 грамнан басталатынын естеріңізге саламыз. ҚР ҚК 297-бабы 3-бөлігінің санкциясы 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын көздейді».

СҚО полицейлері жыл басынан заңсыз айналымнан 730 келіден астам түрлі есірткі заттарын тәркілеп алды, оның 708 келіден астамы марихуана мен кептірілмеген қарасора және 20,5 келіден астамы гашиш пен 2,2 келіден астамы синтетикалық психобелсенді заттар.

#ҚРІІМ #МВДРК #QRIIM #MVDRK #СҚО_ПД #ДПСКО #СҚО_полицейлері #полицейские_СКО #SQOPD #SQO_PD #Polisia #Полиция #Police #Polizei #policía #polizia